Біздің жұлдыздар

Әбдумалік Жансая

Спорт түрі – Шахмат

Спорттық санаты – ҚР СШҮ, халықаралық гроссмейстер

Жетістігі – Әлем чемпионы U-20


Тлеумбетов Ерлан

Спорт түрі – Джиу-джитсу

Спорттық санаты – ҚР ЕССШ

Жетістігі – Әлем чемпионы


Әбдразақов Руслан

Спорт түрі – Қазақ күресі

Спорттық санаты – ҚР СШ

Жетістігі – Әлем чемпионатының жүлдегері


Муминов Сабиржан Рустамович 16.04.1994

Шаңғымен тұғырдан секіруші «ЖСШМ».

Муминов Сабиржан Алматы қаласының тумасы, Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан республикасының спорт шебері. Осы спорт түрімен 2004 жылдан бері айналысып келеді, Қазақстан республикасының Ұлттық құрама мүшесі. Қазақтың спорт және туризм академиясының түлегі. Муминов Сабиржанның алғашқы жаттықтырушысы Лепихин С.И.

Муминов Сабиржан 2017 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2016 жылғы ФИС кубогының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін Чемпионы, 2012 жылғы Әлем Чемпионатының қатысушысы, 2015 жылдан бері Әлем кубоктары мен жаздық Гранд – При турнирлерінде, сондай-ақ басқада көптеген халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысуда.

Қазіргі уақытта Сабиржан Континентальдық кубоктарға қатысып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға дайындық үстінде.


Хубер Мартин Иосифович 23.01.1992

Тау шаңғы спортшысы «ЖСШМ»

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы

Хубер Мартин Австрия тумасының Қазақстандық спортшысы, Тау шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, таушаңғы спортымен айналысып келе жатқанына 9 жыл болды. Хубер Мартинның алғашқы және қазіргі жаттықтырушысы Богуспаев Даулеткарим Касымкаримович. Мартин Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялық Академиясының түлегі.

Хубер Мартин FIS кубогының, Әлем Чемпионатының қатысушысы. 2014 жылғы Олимпиада ойындарында таудан жылдамдықпен түсуден 42-ші, супергиганттан 40-шы ал, суперкомбинациядан 33-ші орынға ие болған.

Қазіргі таңда Хубер Мартин Әлем кубоктарында өнер көрсетіп, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу.