Біздің жұлдыздар

Григорова Мария Николаевна 03.03.1996

Тау шаңғы спортшысы «ЖСШМ»

Григорова Мария Алматы қаласының тумасы. Тау шаңғы спортынан Қазақстан республикасының спорт шебері, осы спорт түрімен айналысып келе жатқанына 6 жыл болды. Григоровой Марияның алғашқы жаттықтырушысы болған Савченко П.М. Ол, Жас балалар спорт мектебін тәмамдаған.

Григорова Мария Қазақстан Республикасының және Қазақстан кубогынің бірнеше дүркін Чемпионы 2014 жылғы Азия чемпионатынан 1 орын алған, 2017 жылғы Азия ойындарынан алтыннан алқа таққан, және континентальдық Чемпионаттардың қатысушысы.

Қазіргі уақытта Мария Әлем кубоктарына қатысып, 2018 жылғы болатын Олимпиада ойындарына жолдама алуға тайындық үстінде.


Тен Денис Юрьевич 13.06.1993

Мәнерлеп сырғанаушы «ЖСШМ».

2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері

Тен Денис Юрьевич Алматы қаласының тумасы. Мәнерлеп сырғанау спортынан жеке өнер көрсетуші. Қазақстан Республикасының Еңбексіңірген спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі, Денис Теннің алғашқы жаттықтырушысы өзінің анасы Тен Оксана. Ол Қазақстан Британ Техникалық университетін тәмамдаған.

2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасында 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған. Сондай ақ 2013 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы «Төрт құрлық біріншілігі» чемпионы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының чемпионы, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, Бес дүркін Қазақстан чемпионы.

2017 жылғы Әлемдік рейтингте 9-орында тұр.

Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48

Денис тен – Қазақстан тарихындағы Олимпиада ойындарынан, Әлем Чемпионатынан, Континентальдық Чемпионаттардан, Қысқы Универсиада және Азиа ойындарынан үздік орындардан көрінген алғашқы және жалғыс спортшы.

Бильман айналуын ерлер арасында мәнерлеп сырғанаушылардың кез-келгені жасай алмайтын әдіс.

Тен 2010 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұсынылған ерлер арасында ең жас (16 жас) спортшы болып саналған.

Осы жылғы Финляндия Республикасында Хельсинг қаласында өткен Әлем Чемпионатында 16-шы орынға ие болып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.


Шурыга Ангелина Александровна 05.11.1996.

Шаңғы жарысының спортшысы «ЖСШМ».

Шурыга Ангелина Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тумасы. Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Қазақстан республикасының ұлттық құрама мүшесі. Шаңғы спортымен айналысып жүргеніне 10 жылдан аса уақыт болған. Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясының студенті. Шурига Ангелинаның алғашқы жаттықтырушысы болған Трифонов Валерий Александрович.

Шурыга Ангелина, Қазақстан Республикасы Чемпионатының және Қазақстан кубоының бірнеше дүркін жүлдегері. 2017 жылғы Азия ойындарында төрттіктен көрінген.

Қазіргі таңда Шурыга Ангелина Әлем кубоктарына қатысып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу, және де Қазақстан Ұлттық Спартакиадасында өнер көрсетеді.


Карпенко Николай Николаевич 20.06.1987.

Шаңғымен тұғырдан секіруші «ЖСШМ».

2006 және 2010 жылғы қос Олимпиада ойындарының қатысушысы



Карпенко Николай Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тумасы. Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері, Шаңғымен тұғырдан секіру спортымен айналысып жүргеніне 26 жыл болған. Қазақтың спорт және туризм Академиясының мұғалім және жаттықтырушы маманын бітірген. алғашқы жаттықтырушысы Караулов В.В.

Карпенко Николай, 2005 жылдың Қаңтар айында Әлем кубогына сыңға түсіп, осы жылы ақпан айында алғашқы рет Әлем кубогында ондыққа ілінді. Және осы уақытқа дейін командалық жарыстардан, 6 рет Әлем кубогынан үздік ондықтан көрініп отырған.

2006 жылғы Италия мемлекетінде Турин қаласында өткен Олимпиада ойындарында үш дисциплинада өнер көрсетіп, командалық есепте 12-ші орынға ие болса, үлкен тұғырда 48-ші орыннан көрінген.

2010 жылғы ванкуверде өткен Олимпиада ойындарындағы көрсеткіштері келесідегідей: Орташа тұғырдан секіруде 29-шы орынға тұрақтаса, үлкен тұғырда 41-ші орынға келіп тоқтаған.

Карпенко Николай өзінің мансабында Әлем Чемпионатына үш рет қатысқан. Ең үздік нәтижесі 11-ші орын болған. 

Карпенко Николай Еуропаның Халықаралық Шаңғы Федерациясы жарыстарының нәтижесі бойынша, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.


Королев Алексей Владимирович 20.06.1987.

Шаңғымен тұғырдан секіруші «ЖСШМ».

Королев Алексей Алматы қаласының тумасы, Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 23 жылдан бері Шаңғымен тұғырдан секіру спортымен айналысып келеді. Қазақтың спорт және туризм Академиясының мұғалім және жаттықтырушы маманын бітірген. Королев Алексейдің алғашқы жаттықтырушысы болған Курганский В.Д.

Королев Алексей, Қазақстан Республикасының және Республика Кубогынің бірнеше дүркін чкмпионы Әлем кубогынің қатысушысы.

Королев Алексей Еуропаның Халықаралық Шаңғы Федерациясы жарыстарының нәтижесі бойынша, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.