Біздің жұлдыздар

Соколенко Константин Иванович 09.11.1987

Шаңғымен тұғырдан секіруші «ЖСШМ»

Соколенко Константин Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тумасы. Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шаңғы спортымен айналысып жүргеніне 14 жыл болған. Қазақтың спорт және туризм Академиясының мұғалім және жаттықтырушы маманын бітірген. Соколенко Константинніңалғашқы жаттықтырушысы Болда Валерий Акимович.

2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының қатысушысы, Әлем кубогынің қатысушысы, 2017 жылғы Жапон елінде Саппоро қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Қазіргі уақытта континентальдық кубоктарға қатысып, 2018 жылығы болатын Олимпиада ойындарына жолдама алу.


Закурдаев Игорь Валерьевич 08.01. 1987.

Таушаңғы спорты «ЖСШМ».

2010 және 2014 ж. Олимпиада ойындарының қатысушысы

Закурдаев Игорь Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласының тумасы. Таушаңғы спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері, Таушаңғы спортымен 15 жылдан аса уақыттан бері айналысып келеді. Жас балалар спорт мектебін Риддер қаласында тәмамдаған. Алғашқы жаттықтырушысы Феохтистов Е.П.

2011 жылғы қысқы Азия ойындарынан комбинация және супергиганттан екі алтынды қатар алып, таудан жылдамдықпен түсуден күміс алқа таққан. 2010 жылғы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарынан 43-ші орыннан көрінген. Ал, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарынан 33-ші орынға тұрақтаған.

Еуропаның (Германия, Италия, Швейцария, Австрия) елдерінде өткен Халықаралық Шаңғы Федерациясы жарыстарының нәтижесі бойынша, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Игорь Закурдаев Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.


Мезенцев Федор Владимирович 19.11.1989.

Конькимен жүгіруші-спринтер «ЖСШМ».

2014 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушы.

Мезенцев Федор Алматы қаласының тумасы. Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 15 жылдан бері конькимен жүгіру спортымен айналысып келеді.Алматы қаласының дарынды баларға арналған спорт мектебін бітірген. Мезенцева Федордың алғашқы жаттықтырушысы Сухоруков Вячеслав Николаевич.

Мезенцев Федор, Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, 2012 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасында Әлем кубогының бірнеше дүркін чемпионы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының қатысушысы, 2017 жылғы Жапон елінде Саппоро қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Қазіргі таңда Халықаралық жарыстарға қатысып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу, және Қазақстан Ұлттық Спартакиадасында алғашқы болуға мақсат қойып отыр


Мухамадеев Анвар Ривкатович 12.10.1998.

Конькимен жүгіруші «ЖСШМ».

Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі.

Мухамадеев Анвар Алматы қаласының тумасы, ол конькимен жүгіру спортымен айналысқанына 4 жалдан аса уақыт өтті. Алматы қаласының дарынды баларға арналған спорт мектебін бітірген. Мухамадеев Анвар Ривкатовичтың алғашқы және жеке жаттықтырушылары болып Улитин Николай Григорьевич және Сухоруков Вячеслав Николаевич саналады. Мухамадеев Анвар Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірінеше дүркін чемпионы.

2016 жылғы Лиллихаммерде өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының командалық жарыстан күміс жүлдеге ие болған.

Мухаммадеев Анвар жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Сол жарыста Анвар үздік ондыққа кіруді және Қазақстан Ұлттық Спартакиадасынан жүлделі орынға ілігуді көздеп отыр.


Мезенцев Федор

Мезенцев Федор – Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, 2012 жылғы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасында Әлем кубогының бірнеше дүркін чемпионы, 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қатысушысы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының қатысушысы, 2017 жылғы Жапон елінде Саппоро қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері.