Біздің жұлдыздар

Соколенко Константин

Соколенко Константин – Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2011 жылғы Азия ойындарының қатысушысы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының қатысушысы, 2017 жылғы Жапон елінде Саппоро қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері.


Абзал Арыстанбеков

Абзал Арыстанбеков – Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі  спорт шебері. Қазақ күресінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. 2013 жылғы Қазақ күресінен Әлем чемпионы, 2013 Еуразия барысының чемпионы, 2014 жылғы Еуразия барысының жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионы.


Денис Тен

Денис Тен – Мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасында 255,10 ұпаймен қола медальға ие болған. Сондай ақ 2013 жылғы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы «Төрт құрлық біріншілігі» чемпионы, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындарының чемпионы, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпион, Бес дүркін Қазақстан чемпионы.

2017 жылғы Әлемдік рейтингте 9-орында тұр.

Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48