Наши звезды / Муминов Сабиржан Рустамович 16.04.1994

Муминов Сабиржан Рустамович 16.04.1994

Шаңғымен тұғырдан секіруші «ЖСШМ».

Муминов Сабиржан Алматы қаласының тумасы, Шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан республикасының спорт шебері. Осы спорт түрімен 2004 жылдан бері айналысып келеді, Қазақстан республикасының Ұлттық құрама мүшесі. Қазақтың спорт және туризм академиясының түлегі. Муминов Сабиржанның алғашқы жаттықтырушысы Лепихин С.И.

Муминов Сабиржан 2017 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2016 жылғы ФИС кубогының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін Чемпионы, 2012 жылғы Әлем Чемпионатының қатысушысы, 2015 жылдан бері Әлем кубоктары мен жаздық Гранд – При турнирлерінде, сондай-ақ басқада көптеген халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысуда.

Қазіргі уақытта Сабиржан Континентальдық кубоктарға қатысып, 2018 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға дайындық үстінде.