Новости / Одесса қаласында каратэ-до годзюрюден Әлем чемпионаты өтті

Одесса қаласында каратэ-до годзюрюден Әлем чемпионаты өтті

Украина Республикасы, Одесса қаласында 2019 ж. 10-12 мамыр аралығында Әлем чемпионаты өтті. 18 ел арасында өткен бұл жарыста, жоғары спорт шеберлігі мектебінің 3 бірдей спортшысы Әлем чемпионы атанды. Көк байрағымызды шарықтатып, алтыннан алқа таққан спортшыларымыз : Бекзатов Жандаулет ( 84 кг ), Несіпбек Бақтияр ( 63 кг ), Жұман Бауыржан ( 57 кг ), ал ақтық мәреде қарсыласына есе жіберген Мәулет Тұрсынбек ( 74 кг ) күміс медальді еншіледі. Жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасы 2 орында.

Қазақстан Республикасының құрама командасы
Жаттықтырушы Керімбаев Н. ( 2 орын)