Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының чемпионаты Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде өтуде. 🏆
🗓 11-14 наурыз аралығында елдің түкпір-түкпірінен жиналған жасөспірімдер (кадеттер) өз шеберліктерін көрсетіп, ел чемпионы атағы үшін таласады. Бұл дода – тек жеңіс үшін ғана емес, болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын спортшыларды анықтайтын маңызды бәсеке.
Бүгін чемпионаттың алғашқы күні! Жас спортшылар татамиге шығып, өз шеберліктерін ортаға салып, намыс пен жігердің үлгісін көрсетуде.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🥇🇰🇿


