Skip to content

Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіру спортынан VI Қысқы Спартакиаданың ашылуы өтті.

Төрт жылдықтың басты сайысына 6 облыс пен 2 қаладан 80 спортшы қатысып жатыр. Айтулы бәсекеде Астана қаласы атынан 23 спортшы бақ сынайтын болады.

Конькимен жүгіруден Астана қаласында VI Қысқы Спартакиаданың алғашқы жарыс күнінде елордалық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Ерлер арасындағы 500 және 1000 метр қашықтықта елордалық Алтай Жардембекұлы күміс жүлдегер атанды. Ал әйелдер арасында 500 және 1000 метр қашықтықта Кристина Силаева алтыннан алқа тақса, Дарья Важенина 39.35 көрсеткішпен күміс жүлде еншіледі. Сонымен қатар, 3000 және 1000 метрлік қашықтықта әйелдер арасында Елизавета Голубева алтын және күміс жүлде жеңіп алды. 5000 метрлік қашықтықта тағы бір отандасымыз Алдияр Төлегенов қола жүлдегер атанды.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста елордалық спортшылар күміс жүлде еншіледі. Команда құрамында Жардембекқызы Енлік, Дәуранова Алина, Бачурина Диана өнер көрсет

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *