Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.
Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы – Тәжібай Дінмұхамедәлдияр, Қаирбеков Нұрлан және Вехов Богдан үлкен үлес қосты.
Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.