2025 жылғы 20 маусым мен 6 шілде аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы «Газпром» спорт кешенінде WKF нұсқасы бойынша сегізінші Орталық Азия чемпионаты өтті. Аталған додаға төрт мемлекеттен – Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан – 225 спортшы қатысты.
Чемпионат кадеттер (14–15 жас), жасөспірімдер (16–17 жас) және ересектер (18 жастан жоғары) арасында өтті. Жарыс кумитэ және ката дисциплиналары бойынша ұйымдастырылып, барлығы 33 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Астана қаласының спортшысы Малика Абжан аталмыш чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп, өз салмақ дәрежесінде 1-орын иеленді.
Бапкер: Волченко Сергей
Кабдуллаев Алишер

