Skip to content

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕТІНШІ КҮН ЖЕҢІСПЕН БАСТАЛДЫ

U-22 жас санатындағы Азия чемпионатының жетінші күні Ибрагим Бетаевтың жеңісімен басталды. 86 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы жекпе-жегінде ауғанстандық Мохаммад Катиге қарсы шықты.

Рингтегі басымдық бірден байқалды. Екі раундта екі нокдаун тіркеліп, төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті Ибрагимге берді.

Келесі жартылай финалдық кездесуде Бетаев Қырғызстан боксшысымен қолғап түйістіреді.

Photo by: @qaz_team_official

Tags:

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *