Бүгін дзюдо спорт түрінен Қазақстан ұлттық құрамасының Азия чемпионатына дайындығы аясында медиа өкілдеріне арналған ашық жаттығу өтті. Бұл шарада спортшылардың дайындық барысы, жаттығу үдерісі және бапкерлердің жұмысы жан-жақты таныстырылды.
Дзюдошылар кәсіби түрде жаттығып, алдағы жарысқа тыңғылықты әзірленіп жатыр. Әсіресе, шетелден арнайы шақырылған бапкердің тәжірибесі мен берген әдістемелік кеңестері спортшылардың шеберлігін арттыруға өз үлесін қосуда.
Айта кетейік, биылғы Азия чемпионаты 25-28 сәуір аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді. Жарысқа 30 елден 300-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.
Астана қаласынан Ержан Еренқайыпов (-66 кг) пен Мәди Амангелді (-81 кг) құрлықтық додада ел намысын қорғайтын болады. 🥋