Skip to content

Діни сауаттылық – рухани тұрақтылықтың негізі

Кешен қызметкерлеріне арналған діни бағыттағы танымдық дәріс өтті. Дәріс барысында дәстүрлі ислам ұғымының мазмұны мен қоғамдағы орны жан-жақты түсіндіріліп, теріс діни ағымдардың белгілері мен олардың тигізетін зияны туралы кеңінен мәлімет берілді.

Сондай-ақ, жат идеологиялардан сақтану жолдары мен оларды танудың тиімді тәсілдері ұсынылып, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауаптар алды.

Іс-шараның басты мақсаты – діни сауаттылықты арттыру арқылы рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамның тұрақтылығына үлес қосу.

Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *