Skip to content

ЕРЖАН ЕРЕНҚАЙЫПОВ – ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ🥈

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында ел намысын қорғаған Ержан Еренқайыпов дзюдодан күміс жүлде иеленді.

66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз финалда өзбекстандық Замухшори Бекмуродовқа есе жіберіп, 2-орынға тұрақтады.
Еренқайыпов жарыс барысында:

1/8 финалда — Исмаил Әл-Хасан (Нигерия),
Ширек финалда — Руслан Пашаев (Әзірбайжан),
Жартылай финалда — Нармандах Маянбух (БАӘ) сынды мықты қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты.

🏆 Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *