✅Кешенді жарыста елорда құрамасының спортшылары 6 медаль жеңіп алды: екі алтын медаль, үш күміс және бір қола.
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті! Осылайша олар елімізге алғашқы тарихи алтын медаль сыйлады! Чемпиондық команда құрамында Астанадан аттанған үш спортшы – Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен және Абзал Әжіғалиев өнер көрсеткені біз үшін ерекше мақтаныш.
Спортшылармен және жаттықтырушылармен бірлесіп, алдағы жұмыстарды талқыладық. Өз тарапымыздан көмек көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз. Спортшыларға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!

