Skip to content

ҚАЙРАҚБАЕВ МАТХАЛЫҚ ҚАЙРАҚБАЙҰЛЫ

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджері Мырзахметова Гаухардың атасы – Қайрақбаев Матхалық Қайрақбайұлы Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1942 жылы Алматы қаласынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, 4-Украин майданы құрамындағы 1853-фронттық эвакуациялық пунктінің жеңіл зеңбірек госпиталінде 3-бөлімшенің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Майдан даласында көрсеткен жанқияр ерлігі мен қызметіне орай “Қызыл Жұлдыз” орденімен марапатталған. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде де ел дамуына сүбелі үлес қосып, медицина ғылымдарының докторы, профессор дәрежесіне жеткен.

Гаухар Мырзахметова: «Менің атам – майдангер. Мен онымен әрдайым мақтанамын» – деп еске алады. Батыр ата жолын жалғаған, қоғамға адал қызмет етіп жүрген жандардың арамызда жүргені – біз үшін үлкен мәртебе.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *