Skip to content

🥇🇰🇿 ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ – ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН VI ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы топ жарды.

Финалда отандастарымыз Иран құрамасынан 8:1 есебімен басым түсті.

🔹 Алан Құрманғалиев / Айдос Кенжеғұлов – Беньямин Фараджи / Сейедмохаммад Мусавитахер — 2:1
🔹 Кирилл Герасименко – Сейедамирхоссейн Ходаи — 3:0
🔹 Алан Құрманғалиев – Беньямин Фараджи — 3:0
🇰🇿 Айта кетейік, бұл дүбірлі додада Қазақстан намысын 100-ден астам спортшы қорғауда. Қазіргі таңда ел қоржынында 18 медаль бар:
🥇 4 алтын
🥈 6 күміс
🥉 8 қола

📸 Фото: Нұрғали Жұмағазы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *