Қазақстан Республикасының VI Қысқы Спартакиадасында конькимен жүгіруден спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті.
Ерлер арасында 500 м қашықтықта Жардембек Алтай тамаша өнер көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды.
Әйелдер арасында 500 м қашықтықта Важенина Дарья да жоғары жылдамдық танытып, 2-орын иеленді.
Ерлер арасында 5000 м қашықтықта Алдияр Тюлюгенов үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға қол жеткізді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


