Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіру спортынан тарихи жетістікке қол жеткізіп, Әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке енді.
Польшадағы Томашув-Мазовецкий қаласында өткен кезекті кезеңде Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина командалық спринтте бесінші орынға тұрақтады.
Үш әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделер мен ұпайлар есептеліп, біздің спортшылар жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Бұл – Қазақстан конькишілерінің халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеген зор жетістік!