Skip to content

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – СПОРТШЫЛАРЫМЫЗҒА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ!

Астана қаласының спортшылары мен спорт мамандарына киберқылмыс, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – спортшыларды заңсыз әрекеттерден сақтандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және түрлі алаяқтық схемалардан қорғану жолдарын түсіндіру.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының мамандары спортшыларға интернеттегі алаяқтардан сақ болу, бопсалау, қаржы пирамидалары, құмар ойындар және басқа да заңсыз әрекеттерден қалай қорғану керектігі туралы нақты кеңестер берді. Сондай-ақ, қылмыстық жауапкершілік туралы заң нормалары түсіндіріліп, өздерінің және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды.

Жас спортшылар – ел болашағы. Олардың спорттағы ғана емес, өмірдегі де жетістіктері маңызды. Сондықтан әрбір спортшы заңды білуі, өзінің құқығын қорғауды үйренуі және күмәнді әрекеттерден аулақ болуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *