Skip to content

Мәди Амангелді – VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері

Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 3-күміс жүлде түсті.

Ұлттық құрама спортшысы Мәди Амангелді (-81 кг) ақтық сында Ведат Албайрактан (Түркия) айласын асыра алмады.

Айта кетейік, Мәди бүгін алғашқы белдесуінде Амирул Исламның (Бангладеш), ширек финалда Аскерби Гербековтің (Бахрейн), жартылай финалда Нугзари Таталашвилидің (БАӘ) алдын ораған.

Қазір Ар-Риядтағы ойындарда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 күміс, 1 қола жүлде бар. Аталған медальдің бәрін дзюдошылар еншіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *