Елорда спортшылары ел чемпионатында топ жарды

11 Сәуір 202113

Қостанай қаласында қазақ күресінен  жастар арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтіп жатыр. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар арасында Нұр-Cұлтандық палуандарда жүлделі орындарға ие болды.

Жарыстың екінші күнінен-ақ көзге көрінген алтын медаль иегері, 100 келі салмақта Естай Ермұқанмен қола медаль иегері 78 келі салмақта Алпамыс Сапарханды шын жүректен құттықтаймыз!

5 cәуір күні басталған жалынды дода әлі де жалғасуда. Алда өнер көрсететін спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

# Қазақ күресі