Нұр-Cұлтан қаласында асық атудан және бес асықтан ашық чемпионат өз мәресіне жетті

20 Сәуір 202119

Асық атудан және бес асықтан ашық чемпионат өз мәресіне жетті. Жарыс елордадағы «ASPAN» спорт кешенінде өтті. Чемпионатта 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер сынға түсті. 

Жарыстың мақсаты қазақ спортын дәріптеумен қатар, ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. 

Пандемияға байланысты жарыс санитарлық талаптарды сақтай отыра, көрермендерсіз өтті.

Есеп қорытындысы бойынша төмендегі спортшылар жүлделі орындарға ие болды:

Асық ату бойынша:

  • І орын - Елшібек Анарбай  
  • І орын - Айбек Абдурахман
  • II орын - Сабит Жансұлтан
  • II орын - Өмірзақ Жанарыс
  • II орын - Дархан Абай
  • IІI орын - Түлкібай Темірлан
  • IІI орын - Қалшабек Дінмұхаммед
  • IІI орын -Түлкібай Арсен

Бес асық бойынша:

  • І орын - Жүнісхан Арай
  • І орын - Төлеген Жанель
  • І орын -  Ескендірқызы Тамсана 
  • II орын - Нұрман Ақбілек
  • II орын - Қайыркелді Інжу 
  • II орын -Маршал Арнат
  • IІI орын - Берік Нұрай 
  • IІI орын - Бейсен Ұлдана
  • IІI орын - Мұстафа Назерке

# Асық ату