Елордалық спортшылар асық атудан 1 орын алды
19 Шілде 202112
Асық ату және бес асық спортынан 2001-2004 жылғы Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жарыс Петропавл қаласында өтті. Ел чемпионатына 8 аймақтан қатысушылар өнер көрсетті. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қ, Қостанай, СҚО,Ақмола облысы,Қарағанды,Тараз, Қызылорда, Павлодар.
Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан 1 орынды Нұр-Сұлтан қаласы спортшылары иеленсе, 2 орынды Ақмола облысы спортшылары жеңіп алды. 3 орын Жамбыл облысы спортшыларына бұйырды.
Аға - жаттықтырушылар мен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
# Асық ату