Асық ату және бес асықтан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті

8 Маусым 202252

Жарыс, 4-7 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысында ересектер арасында өтті. 

Ел чемпионатына 19 құрама командадан құралған 80 спортшы қатысып, бақ сынады.

Жарыстың басты мақсаты Асық ату спорт түрін Қазақстан Республикасында бұқаралық дамыту арқылы, көпшілікке тарату мен спортшылардың спорттық шеберлігін жоғарылату. 

Нұр-Сұлтандық құрама команда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, командалық есеп бойынша асық ату бөлімінен де, бес асық бөлімінен де 1 орынға ие болды. 

Жарыс қорытындысымен бөлісеміз:

Асык ату:
1 орын - Жұмағұлов Әділхан
1 орын - Қайыпбеков Мырзамұрат
1 орын - Молжігітов Нұрқанат
1 орын - Жумагулов Есен 

Бес асык:
1 орын - Серікова Айжан
1 орын - Ходжаниязова Анаркүл
1 орын - Жарылқасын Саягүл
1 орын - Елемес  Перизат

Құттықтаймыз!

# Асық ату