Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.
Әлем чемпионы, 80 келідегі Нұрбек Оралбай ақтық бәсекеде Франция атынан келген Иожерлин Сезармен кездесіп, 0:5 есебімен жол берді.
Бір ерекшелігі – Нұрбек Оралбайдың екі бірдей қарсыласы турнир барысында рингке шығудан бас тартты.
⏳Айта кетейік, бұған дейін 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде осы салмақта Диас Молжігітов қола жүлде иеленген еді.
🏆 Нұрбек Оралбайдың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇦🇿Мурад Аллахвердиев 5:0
✅1/4 финал. 🇮🇳Лакшая Шахар – бас тартты
✅1/2 финал. 🇹🇷Мерт Айбуга – бас тартты


