Ислам Ынтымақтастығы ойындарында еркін күрестен бәсекелер мәресіне жетті.
Әлем чемпионы, 97 келідегі Ризабек Айтмұхан финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Амир Али Азарпирамен (Иран) белдесіп, 0:5 есебімен жол берді.
Айта кетейік, Ризабек жеребе барысында өте қиын қарсыластарға тап болса да, финалға дейін жете алды. Отандасымыз Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Магомедхан Магомедов (Әзербайжан) және Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) ойсырай жеңді.
Бұған дейін санаулы сәт бұрын әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов 5-орынға тұрақтаған еді.
📸 Нұрғали Жұмағазы




