Skip to content

РИЗАБЕК АЙТМҰХАН ТҮРКИЯДА АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДі🥇🇰🇿

Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде біздің елордалық спортшымыз жүлделі болды.

🥇Ризабек Айтмұхан (-97 кг) 1-орын

Ризабек ақтық сында қарсыласы Ахмед Магомаевтан (Болгария) басым түсті.

Айта кетейік, Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир бүгін аяқталады. Шешуші жарыс күні еркін күрес шеберлері қалған салмақта кім мықтыны анықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *