АСТАНАДА БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

15 - 16 Шілде 2023 33

15-16 шілде күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы  қатысады. Ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

​Ерлер арасындағы медальдар жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.

​Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

​Әлем чемпионатының бас төрешісі – Еркін Жетимеков (Қазақстан). Бас хатшы – Александр Шараев (Беларусь)

​Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын. 

Жарыстың өтетін жері: Астана қ, «Beeline Arena» спорт кешені, Тұран 4/2. Ашылу салтанаты 15 шілде күні сағат 14:00-де өтеді.

Экранный диктор

экран дикторы