2021 жылдың 23-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жастар арасындағы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аныкталды

3 Сәуір 202119

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы жастар (17, 19, 21 жас) арасындағы жекелей чемпионатының  классика және рапид, блиц түрінен жарыстың  Нұр-Сұлтан қаласының жеңімпаздары мен жүлдегерлері аныкталды.

Классикалық түрінен

  • 17 жас (ұлдар арасында) Боранбай Ернурсултан 2 орын
  • 19 жас (ұлдар арасында) Әуелбай Ерсұлтан 1-орын, Манарбекұлы Арыстан 2-орын
  • 19 жас (қыздар арасында) Есіркеп Құндыз 2-орын.

Рапид түрінен

  • 19 жас (ұлдар арасында ) Манарбекұлы Арыстан 1-орын.

Блиц түрінен

  • Манарбекұлы Арыстан 2-орын.

Спортшыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!

# Тоғызқұмалақ