Ағымдағы жылдың 1 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне іріктеу өтті

3 Мамыр 202119

І және ІІ орын жеңімпаздары «Қазақстан-Барысы» турнирі жолдамасына ие болды. Жарыста  90, + 100 келі салмақта түйе балуандар өнер көрсетті. 

Жарыс тәртібі 2020 жылы Qazaq kuresi ассоциациясы бекіткен қазақ күресі ережесі бойынша өткізілді. 

Жарыстың құрметті қонақтары  Нұр - Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкенұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице - министрі Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ерғалиев Самат Серікканұлы, Қазақ күресі ассоциациясы бас директоры Абат Саматұлы Иманбаев жеңімпаздарды марапаттады.

26 балуан «барыс» атану үшін барын салған бұл жарыста мыңнан тұлпар атанған I орын Шынкеев Олжас пен II орын Сейтен Айбатқа бұйырды.
III орынды Досмаганбетов Нұрбек жеңіп алды.

Шілде айында өтетін “Қазақстан барысы 2021” - ге жолдама алған спортшыларымызды шын жүректен құттықтап, алда өтетін жалынды додоға сәттілік тілейміз.

Айта кетсек, жарыс санитарлық барлық талаптарды сақтай отыра, көрермендерсіз өтті.

# Қазақ күресі