Ақмола облысына қарасты Қажымұқан ауылында қазақ күресінен Республикалық турнир өз мәресіне жетті

9 Сәуір 20219

Жарыс Қажымұқан бабамыздың 150 жылдығына арналып ұйымдастырылған. 

Аталмыш турнирде 50,60,70 келі салмақта өнер көрсеткен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер көптің қошеметіне бөленді. 
Республикалық турнир еліміздегі пандемияға байланысты санитарлық барлық талаптарды сақтай отыра, көрермендерсіз өтті. 

Жарыста 3 орын алған спортшыларымыз 60 келі салмақта  Ерсаян Жанат пен 50 келі салмақта Капен Сағатты  және аға жаттықтырушы Ахтаев Марленді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

# Қазақ күресі