АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР БЕЛБЕУ КҮРЕСТЕН ҚР КУБОГЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

25 Маусым 202317

22-25 маусым аралығында, Түркістан қаласында белбеу күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтті. 
 
Жарысқа еліміздің 11 өңірінен жиналған, 200-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында Астаналық спортшылар да бар. Құрама команда қоржынында 1 «алтын», 2 «күміс», 2 «қола» жүлде.

Жарыс қорытындысымен бөлісеміз:

Асемхан Сұлтан 90 кг
2 орын - классикалық
3 орын - еркін

Абдрахманов Мадияр, +100 кг
2 орын - еркін

Байшуаков Данияр, 68 кг
1 орын - классикалық
3 орын - еркін

Құттықтаймыз!