АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

17 Шілде 202313

Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті. 

Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы  қытысып, бақ сынады. Ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

​Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталды.

Жарыс қорытындысымен бөлісеміз:

2 орын - Осканов Эскархан, 100 кг (классика)
3 орын - Дюсембаева Ботагоз, 52 кг (еркін стиль)

Құттықтаймыз!