Едіге Емберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

26 Қыркүйек 20242

Едіге Емберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

 

Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр.

 

Жерлесіміз 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Едіге 6 тәсілді ойдағыдай қолдана отырып, екінші жаттығуында алтын медаль жеңді. Ал жаттығулар жиынтығында (154 + 199) екі алтын медальға ие болып, жастар арасында Әлем чемпионы атанды.

 

Едігенің бұл әлем чемпионаттарындағы үшінші алтын медалі: 2022 жылы (73 кг) Мексикада жастар арасында алғаш Әлем чемпионы атанса, араға бір жыл салып жасөспірімдер (81 кг) арасында да алтын жүлдегер атанған болатын.