Қазақ күресінен ел чемпионаты өз мәресіне жетті

2 Мамыр 202115

Бүгін Орал қаласында қазақ күресі спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аяқталды. Намысты додоға еліміздің түкпір - түкпірінен 17 команда, жалпы 500 ден астам балуан қатысты. 

Нұр - Сұлтан құрама командасының жасөспірімдер арасындағы аға - жаттықтырушысы Ахтаев Марлен “ Жарыс өте жоғары деңдейде өтті. Қарсыластар бірінен - бірі асып түсті. Спортшыларымыз үздіктің үздігі атануға, ел чемпионы болуға бар күш - жігерлерін салды. Бұл жолы 2 қола медальді қоржынымызға байладық” - деп сөзін қорытындылады. 

Бұл чемпионатта 56 келі салмақта Ержеткенова Нуриля мен 46 келі салмақта Умирбаев Серікті қола жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Айта кетсек, жарыс санитарлық талаптарды сақтай отыра, көрермендерсіз өтті.

# Қазақ күресі