Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары бес асық спорт түрінен елдік чемпионатта топ жарып, бірінші орынға ие болды

14 Мамыр 202110

Қостанай қаласында 13-14 мамыр аралығында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыста асық атудан және бес асық спортынан 2008-2010 жылғы жасөспірімдер өнер көрсетті.

Қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық ойынын дәріптеген қазақ қыздары бес асықтан бірінші орынды жеңіп алды. Нұр-Сұлтан құрама команда мүшелері Ескендірқызы Тамсана, Олжабаева Дария, Төлеген Жанелді бұл жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

# Асық ату