Ұлттық құрамадағы қазақ күресі спортшылары Ақмола облысы, Щучинск қаласында бас қосып, арнайы базада оқу-жаттығу жиынын өтіп жатыр

5 Ақпан 202112

Ұлттық құрамадағы қазақ күресі спортшылары Ақмола облысы, Щучинск қаласында бас қосып, арнайы базада оқу-жаттығу жиынын өтіп жатыр. «Сантитарлық нормаларға сәйкес ұлттық командамыздың барлық мүшелері жиынға келер алдында және осы жерде коронавируске тест тапсырды. Алғашқы аптада физикалық дене жаттығуларына көп көңіл бөлсек,одан кейінгі апта техникалық дайындыққа баса назар аударамыз. Осы жерде ауыртпалық артады. Атап айтсақ, палуандар кросс жүгіреді, тренажер залында шынығады,  тау-тасқа шығып, таңғы салқын ауамен таңғы жаттығу жасайды. Бұл функционалдық даярлықты жетілдіру үшін өте қажет. Ал соңғы аптада спаррингтер өткіземіз. », – дейді бас бапкері Естек Ерлан. 

Айта кетсек, 5 ақпан басталған оқу - жиыны 19 ақпанға дейін жалғасады.

# Қазақ күресі