ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ НҰРБЕК ОРАЛБАЙ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

15 августа 20244

Бүгін бокстан ерлер бәсекесінде жалғыз күміс жүлде иеленген спортшы Нұрбек Оралбайды салтанатты түрде күтіп алды.

 

Париж Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Айтулы додада ең көп 12 спортшысын қосқан Астана қаласына араға 8 жыл салып, күміс жүлде бұйырды. Осы орайда 80 келі салмақта 2023 жылғы Әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды әуежайдан туған-туыстары, дос-жарандары күтіп алды.

 

«Өкінішке қарай, Олимпиадада 2-орын алып қалдым. Бәсеке оңай болмады. Ешкім жеңілемін деп бармайды. Оны алғашқы айқасымда-ақ байқаған боларсыздар. Алайда, чемпиондық атақ үшін ғана барған едім. Бұйырғаны күміс жүлде. Финалға дейін барып, сүрінген де қиын. Тек 1-2 күннен кейін ғана қабылдадым. Іште өкініш болғанымен, бұл сәт мені одан әрі жігерлендіреді. Келесі Олимпиадада қазақ елін қуантып, чемпион атану үшін барымды саламын. Енді 1-2 ай тынығып, алдағы Әлем, Азия чемпионаттарына дайындаламыз».

 

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы рингінде Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы), Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түсіп, финалдық тартысты жекпе-жекте Украина өкілі Александр Хижнякқа есе жіберді.

 

Қазақстан ерлер құрамасы 7 салмақта да спортшыларын қосып, тек Нұрбек Оралбай ғана жүлдегерлердің қатарына кіре алды.

# Бокс.

Экранный диктор

screen-reader-rus