Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сынның іріктеу кезеңі басталды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде отандасымыз Адель Садакбаева алғашқы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 44 ұпай жинап, 12-орында келеді.
Іріктеу кезеңінің қалған бөлігі ертең жалғасады. Оның қорытындысы бойынша финалда сынға түсетін үздік мергендер анықталады.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы ел намысын қорғап, жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласуда.
