Skip to content

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2026: ЕКАТЕРИНА НОСКОВА МЕН МАРИЯ ЧЕРНЕЦ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН 5-ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагарагава халықаралық регата трассасында XX жазғы Азия ойындары аясында академиялық ескек есуден финалдық жарыстар өтіп жатыр.

Әйелдер арасында жеңіл салмақтағы жұптық қайық сайысында елордалық спортшылар Екатерина Носкова мен Мария Чернец мәреге бесінші болып келді. Олардың нәтижесі — 7 минут 11,19 секунд.

Осылайша, Астана спортшылары аталған жарыс бағдарламасын 5-орынмен аяқтады.

Алтын жүлдені Иран спортшылары жеңіп алса, Гонконг өкілдері күміс, Жапония құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *