АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Айбек Айтбеков финалға жолдама алды.
Жартылай финалда отандасымыз Украина балуаны Y. Pokovba-ны 5:4 есебімен жеңіп, шешуші белдесуге шықты.
Әлем чемпионы атағы үшін Айбек Әзербайжан балуаны E. Aliyev-пен белдеседі.
