Астана қаласының спортшысы Айбек Айтбеков күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайды. Елордалық балуан Қазақстан құрамасы сапында грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Әлем біріншілігі 11–17 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
Жарыста әр елдің үздік балуандары кездесіп, әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Айбек үшін бұл дода халықаралық тәжірибесін арттырып, әлемдік деңгейде шеберлігін көрсетуге мүмкіндік болмақ.
Спортшымызға сәттілік тілейміз!
