Астана қаласының спортшылары Қызылордада өткен тас жолдағы велосипед спортынан Қазақстан чемпионаттарында командалық эстафета мен критериум бағдарламасы бойынша жеңімпаз атанды.
13 қазанда өткен 50 шақырымдық командалық эстафетада Сергей Кармажаков, Алина Венглинская, Милана Котельникова және Елена Мандракова өнер көрсеткен Астана командасы бірінші орын иеленді.
Ал 11 қазанда әйелдер арасында өткен критериум жарысында Милана Котельникова 41,6 шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Осылайша, астаналық велоспортшылар екі бағдарламада алтын жүлдеге қол жеткізді. Милана Котельникова жекелей жарыста да, командалық эстафетада да жеңімпаздар қатарынан көрінді.

