Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық боксшы Айбек Оралбай +90 келі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Үндістан өкілі Нарендермен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебінде сенімді жеңіске жетті.
Айбек Оралбай жекпе-жектің үш раундында да басымдық танытты. Соңғы раундта қарсыласына нокдаун да есептелді.
Осылайша, елордалық спортшы Азия ойындарының кемінде күміс жүлдесін қамтамасыз етіп, енді алтын медаль үшін сынға түседі.
Финалда Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокиров пен Иран боксшысы Амир Эсмаили Вандаи арасындағы жартылай финалдық кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.
