Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагарагава халықаралық регата трассасында XX жазғы Азия ойындары аясында академиялық ескек есуден финалдық жарыстар жалғасып жатыр.
Ерлер арасында жеңіл салмақтағы жекелей сында елордалық спортшы Артём Матусевич 7 минут 02,34 секунд нәтиже көрсетіп, 4-орын иеленді. Ол жүлделі орынға бір қадам жетпей тоқтады.
Алтын жүлдені Гонконг өкілі жеңіп алса, күміс жүлде Иран спортшысына, қола жүлде Оңтүстік Корея өкіліне бұйырды.

