Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңдері өтті.
Рульсіз төрттік сайысында бақ сынаған Қазақстан құрамасы 6:26.96 уақыт нәтижесімен өз тобында 2-орын алып, А финалына жолдама алды.
Ұлттық құрама сапында елордалық спортшылар Ярослав Мельников пен Тимур Фомичев өнер көрсетті.
Финалдық жарыс ертең, 24 қыркүйекте өтеді.
