Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ерлер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалдық сын өтті.
Елордалық жүзуші Әділбек Мусин қашықтықты 52,70 секундта бағындырып, финалдық бәсекені 10-орынмен аяқтады.
Еске сала кетейік, іріктеу кезеңінде Әділбек Мусин 52,68 секунд нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алған болатын.

