Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Додаға барлығы 186 спортшы қатысты. Бір апта бойы «ADD USTEL TENNIS ORTALYGY» спорт кешенінде спортшылар командалық, жекелей, жұптық және аралас санаттарда жүлделерді сарапқа салды.
Айтулы ел чемпионатында Астана қаласының спортшысы Кирилл Герасименко үш алтын медаль жеңіп алды.
Ол аралас жұпта Зауреш Акашевамен бірге жеңіске жетсе, ерлер жұптық сайысында Қадырәлі Қабдылуахитовпен топ жарды. Сондай-ақ, жекелей сында Кирилл финалда Алан Құрманғалиевті ұтып, ел чемпионы атанды.
«Бүгін біз Қазақстан Республикасының үстел теннисінен чемпионатын аяқтадық – жарқын, тартысты әрі эмоцияға толы турнир болды. Осы күндері біз керемет ойындар, жоғары техникалық шеберлік, жеңіске деген ұмтылыс пен мықты мінезді көрдік. Мен Қазақстан үстел теннисінің деңгейі өсіп келе жатқанына мақтанамын. Біздің спортшылар лайықты ойын көрсетіп, табандылық пен тәртіптің, өз күшіне сенудің нәтижеге же