Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогы кезеңінің финалдық жекпе-жектері аяқталды.
Рингке соңғы болып шыққан аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай шешуші сында Германия боксшысы Никита Путиловпен өзара мықтыны анықтады. Өте тартысты өткен айқаста жерлесіміздің мерейі үстем болды. Есеп: 5:0.
⏳Айта кетейік, дәл осы салмақта 30 наурыз – 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде Даниал Сапарбай жүлдегерлер қатарына кірген еді.
🏆 Айбек Оралбайдың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇩🇴Хосе Агустин Трисет 5:0
✅1/4 финал. 🇮🇹Диего Лензи 4:1
✅1/2 финал. 🇦🇿Махаммад Абдуллаев (Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері) 5:0



